ҚТЖ ЕАЭО-да тарифтерді төмендетуден 42 млрд теңге жоғалтады

847

ҚТЖ ЕАЭО-да тарифтерді төмендетуден 42 млрд теңге жоғалтады

10 қаңтарда  Қазақстан арқылы Ресейге қырғыз кәсіпкерлері үшін теміржол жүк транзитінің құны  бір вагон үшін 5155 доллардан 1820 долларға дейін төмендетіледі. Бұл туралы  "ҚТЖ – жүк тасымалы" президенті Оралхан Құлақов мәлім етті деп хабарлайды LS.

Биыл жалпы алғанда  Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің жүк тасымалы тарифтері төмендетіліп,  біркелкі тарифке көшпекші.

"Луговой – Илецк бағдарында бір вагонның құны 5155 долларды құрайды және 10 қаңтардан бастап ол 1820 долларға, яғни  үш есеге дейін төмендейді.  Тарифтер ЕАЭО ішінде тасымалданатын барлық жүк түріне төмендетіледі", – деді Оралхан Құлақов.

Оның айтуынша, осының салдарынан ҚТЖ 2017 жылы біршама кірістен қағылмақшы.

"Жыл сайын 4 млн тоннадан астам тасымал жасаймыз, ал оларды ЕАЭО-ның біркелкі тарифіне көшірсек, компания  42 млн теңге кірістен айырылады. Біздің есебіміз бойынша, оны тасымал көлемін арттыру есебінен ғана толтыра аламыз. Яғни, тасымал көлемі  4 млн тоннаның орнына 12 млн тоннаны құрайтын болса,  онда  бұл Қырғызстан мен Ресей арасында тауар айналымына серпін береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу