ҚТЖ қыркүйекте астықты тиеу бойынша рекорд орнатты

382

Өткен айда "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ 1,45 млн тонна астық тасымалдады.  

ҚТЖ қыркүйекте астықты тиеу бойынша рекорд орнатты Фото: railways.kz

Экспортқа 1,2 млн тонна астық жөнетіліп, өсім 13% құрады. Негізгі көлемі Орталық Азия елдеріне тиесілі – 701 мың тонна (+8%), оның ішінде Өзбекстанға 512 мың тоннасы (+14%) жөнелтілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл қыркүйек айындағы астықты тиеудің ең үлкен көлемі және өткен жылдың қыркүйегіне қарағанда 7% көп.

Ауғанстанға тасымалдау 3,4 есеге, 107 мың тоннаға дейін, Қытайға тасымалдау 2,8 есеге, 188 мың тоннаға дейін өсті.

Қыркүйек айында ұнтақ өнімдерін тасымалдау 274 мың тоннаны (+13%) құрады, оның ішінде экспортқа – 230 мың тонна (+27%).

2026 жылдың 9 айында темір жол арқылы 10,8 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12% артық. Экспортқа 8,4 млн тонна (+14%) бағытталды.      

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу