ҚТЖ Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар шығарады

106

Яғни, наурыз мерекесіне орай қосымша 35 мың пойыз билеті сатылады.    

ҚТЖ Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар шығарады Фото: rail-news.kz

Сондай-ақ сұранысы жоғары бағыттарда қатынайтын қолданыстағы пойыздар құрамына қосымша 230-ға жуық тіркеме вагон енгізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нәтижесінде жолаушыларға 35 мың қосымша орын ұсынылады. Қабылданған шаралар мереке күндерінде билет қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Қосымша пойыздар:

№201/202 "Алматы-2 – Астана-1"

  • Алматы-2 станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз;
  • Астана-1 станциясынан: 21, 23, 25, 27, 29, 31 наурыз.

Барлығы – 6 рейс.

№204/203 "Астана Нұрлы жол – Шымкент"

  • Нұрлы жол станциясынан: 19, 20, 22, 23, 25, 26, 28, 29 наурыз;
  • Шымкент станциясынан: 21, 22, 24, 25, 27, 28, 30, 31 наурыз.

Барлығы – 8 рейс.

№205/206 "Ақтөбе – Астана Нұрлы жол"

  • Ақтөбе станциясынан: 19, 21, 23, 25, 27, 29 наурыз;
  • Нұрлы жол станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз.

Барлығы – 6 рейс.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу