Осылайша, 130 астам жолаушы Алматыдан "Keruen express" туристік пойызымен "Алматы – Түркістан – Самарқанд – Ташкент – Алматы" бағыты бойынша жолға шықты. Тур 2026 жылдың 1-6 мамыры аралығында жалғасады.
Туристік пойыз 4 купе вагонынан және 1 вагон-мейрамханадан тұратын отандық өндірістің заманауи жайлы вагондарынан құралған.
Бес күн бойы турға қатысушылар Қожа Ахмет Ясауи кесенесін, Түркістан өңіріндегі Отырар қаласын, Әмір Темір кесенесін және Самарқандтағы Регистан алаңын, Төле би кесенесін және Ташкенттегі хазірет Имам мемориалдық кешенін қоса алғанда, сәулет және тарихи ірі ескерткіштерді аралап көруге мүмкіндік алады.
Туроператорлар ұйымдастырған туристік пакеттің құнына пойызбен жүру, кәсіби гидтердің сүйемелдеуімен туристік бағдарлама, кіру билеттері бар экскурсиялар және трансферлер кіреді.
"Keruen express" туристік пойызының кезекті іске қосылуы теміржол туризмін дамытуға, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға және өңірдің тарихи мұрасын танымал етуге ықпал етеді.
Биыл осы бағыт бойынша бұл екінші туристік пойыз.