ҚТЖ паркі тағы да 14 заманауи локомотивпен толықты

330

Заманауи локомотивтер тасымалдау жұмысының тиімділігін арттырады.

ҚТЖ паркі тағы да 14 заманауи локомотивпен толықты Фото: rail-news.kz

Осы жылдың қазан айында ҚТЖ-ның еншілес кәсіпорны – "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС локомотив паркі 14 жаңа локомотивпен, оның ішінде магистральдық электровоздармен, тепловоздармен және маневрлік техникамен толықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Электровоз құрастыру зауыты" АҚ (ЭҚЗ) өндірген 3 жаңа электровоз елордалық депоға келіп түсті. "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ (ЛҚЗ) өндірген 2 магистральдық тепловоз Аягөз локомотив пайдалану депосына, тағы 4-уі Есіл депосына бөлінді.

Сонымен қатар, CRRC шығарған 5 маневрлік тепловоз Қарағанды және Астана деполарына жөнелтілді.

Тартқыш жылжымалы құрамды жаңарту тасымалдау процесінің сенімділігін арттыруға, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және локомотив паркінің пайдалану сипаттамаларын жақсартуға бағытталған.

Қазіргі заманғы локомотивтер тасымалдау жұмысының тиімділігін арттыруға, пайдалану шығындарын азайтуға және локомотив бригадалары үшін неғұрлым қолайлы еңбек жағдайларын жасауға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу