"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жүк тасымалдау тарифі көтерілетінін хабарлады

445

Жария тыңдауға шенеуніктер мен кәсіпкерлер қатысқан. 

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жүк тасымалдау тарифі көтерілетінін хабарлады Фото: inbusiness.kz

Табиғи монополияларды реттеу комитетінде "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС хабарламасы бойынша жария тыңдау өтті, деп жазады inbusiness.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында "ҚТЖ-Жүк тасымалы" компаниясының темір жол көлігімен жүк тасымалдау және локомотивтік тартым қызметіне бағаның алдағы уақытта өсетіні жөніндегі хабарламасы қаралды.

"Жария тыңдау ТМРК Темір жол көлігі және порттар саласындағы реттеу басқармасының басшысы  Азамат Абиевтің төрағалығымен тұтынушылар мен субъект арасындағы тепе-теңдікті сақтау, тауарлараға (жұмыстарға, қызметтерге) баға белгілеу барысының жариялылығын, ақпараттылығын, ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды. Оған мемлекеттік органдар, "Атамекен" ҚР ҰКП, ассоциациялар өкілдері және өзге де қызығушылық танытқан тұлғалар қатысты. "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС атынан Бас директордың экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары Шолпан Омарбекова сөз сөйледі", - делінген хабарламада.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті жария тыңдау барысында айтылған ескертулер субъекттің хабарламасы бойынша түпкілікті шешім қабылдау және тиянақты талдау жүргізу кезінде ескерілетінін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу