ҚТЖ: Жүктерді экспортқа тасымалдау 6%-ға өсті

625

2022 жылдың бірінші тоқсанында "ҚТЖ" ҰК" АҚ желісі бойынша жүктерді экспортқа тасымалдау 22,9 млн тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 6%-ға көп. Жүк тасымалдарының жалпы көлемінде экспорт 35%-тан астам, деп хабарлайды inbusiness.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚТЖ: Жүктерді экспортқа тасымалдау 6%-ға өсті

Экспорт сегментінде тас көмір басты орында. 2022 жылдың бірінші тоқсанында 8,9 млн тонна қатты отын экспортталса, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға жоғары. Астық экспорты 30%, яғни 2,2 млн тоннаға дейін өсті.

Теміржол арқылы экспортқа жөнелтілетін мұнай өнімдерінің көлемі 1,1 млн тоннаны, қара металдар 1,2 млн тоннаны, темір кені 3 млн тоннаны құрады. 

Қазақстандық өнімді импорттаушылардың негізгілері – Ресей, Қытай және Орталық Азия елдері.

Атап айтқанда, қазақстандық көмір Ресейге, Өзбекстанға, Үндістанға, Грузияға, Швейцарияға, Польшаға, Кипрге, Түркияға және басқа да елдерге жеткізіледі. Ал қазақстандық астық Өзбекстан, Иран, Ауғанстан, ҚХР, Тәжікстан, Түркия, Бельгия, Италия, Ұлыбритания және т.б. елдерге экспортталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу