Қуаңшылық болған жағдайда қосымша 20 млрд теңге бөлінуі мүмкін

896

Биыл қуаңшылық қайталанған жағдайда жем қорын форвардтық сатып алуға 20 млрд теңге бөлінуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қуаңшылық болған жағдайда қосымша 20 млрд теңге бөлінуі мүмкін

Бұл қаражатқа, Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуына қарағанда, 200 мың тонна көлемінде жемдік астық қорын қалыптастыруға болады. 

"20 млрд теңге бөлу мәселесі пысықталып жатыр, ол 2021 жылғы құрғақшылық қайталанған жағдайда, мал мен құс басының сақталуын қамтамасыз етеді", – деді министр бүгінгі үкімет отырысында.

Министр егіс көлемі ұлғайтылып, 23,1 млн гектарға жеткенін мәлімдеді. Егін егу және оны жинау науқанына қосымша 70 млрд теңге бөлу мәселесі де қарастырылып жатқанын қайталап еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу