Қуаңшылыққа байланысты азық-түлік 40% қымбаттауы мүмкін бе – Сұлтановтың жауабы

818

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, азық-түлікті қымбаттауына жол бермес үшін ведомствоаралық комиссия әртүрлі нұсқаны талқылауда, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қуаңшылыққа байланысты азық-түлік 40% қымбаттауы мүмкін бе – Сұлтановтың жауабы

"Біріншіден, біз бағаларды реттемейміз, ұстап тұра алмаймыз. Нақтырақ айтқанда біз елдің азық-түлік жағынан қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қажетті тауарларды қамту жағына жауаптымыз. Әлбетте, қандай болмасын тауардың ең алдымен нарықта болуын қамтамасыз ету керек. Бағасы шынайы, сапасы тиісті деңгейге сай болуы тиіс. Бұл параметрлер бойынша әлбетте, жұмыс жүргізіледі. Ең алдымен, өндірушілеріміз қандай да бір өнімді әзірлей алатындай жағдай жасалуы керек. Бұл ретте бір мәселе бар: өндірушілеріміз тарапынан мәселен, былтыр қырыққабат, биыл сарымсақты қажеттігі жағынан мәселе туындады. Алдымен мемлекеттік органдар бар ақпаратты тиісті деңгейде халыққа түсіндіруі керек", деді Бақыт Сұлтанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, жергілікті атқарушы органдармен форвардтық келісімшарттарды көбейту шаруасы іске асырылып жатыр. Айналым схемасы ретке келтірілсе, яғни сауда желілері қаражатты уақытында алса, күзде қажетті өнім көлемі дайын болады. 

"Экспортқа тыйым салу талаптары да енгізілуі мүмкін. Бұл мәселелер ведомствоаралық комиссияда қаралып жатыр. Жергілікті атқарушы органдарды азық-түлік пен тауар елдің өз ішінде айналымда болатындай жұмысты қолға алдық. Тұрақтандыру қорларының да көлемі айқындалды. Олардың жалпы көлемі нарықтың үштен екі бөлігін жапса да, тиісті өнімдердің интервенциялы шығарылымы нарыққа әсер етеді", деді ол.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу