Қуаңшылықтан зардап шеккен фермерлер сақтандыру төлемін алып жатыр

860

Топырақта ылғал жетіспеушілігінен сақтандыру шартын жасасқан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері сақтандыру төлемдерін алып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қуаңшылықтан зардап шеккен фермерлер сақтандыру төлемін алып жатыр

Елімізде ұзаққа созылған құрғақшылықтың салдарынан егістік алқаптары зардап шекті: аптап ыстық күн мен құрғақ желдер егінге және фермерлердің жақсы өнім алуына мүмкіндік бермей тұр. 

"Құрғақшылық фактілері Qoldau.kz сайтында Agroinsurance жүйесімен спутниктік деректер негізінде автоматты түрде тіркеледі. Осылайша, сақтандыру жағдайлары тіркеліп, сақтандыру келісім-шартына отырған фермерлер сақтандыру төлемдерін алып жатыр. Осыған дейін хабарлағанымыздай, топырақ ылғалдылығы жетіспеушілігі индексінің бірінші фазасы бойынша жасалған 32 сақтандыру келісім-шартымен 5 облыстың фермерлеріне (Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары) сақтандыру компаниялары 190,5 млн теңге төледі", – делінген министрліктің хабарламасында.

Топырақ ылғалдылығы жетіспеушілігі индексінің екінші фазасы бойынша 38 сақтандыру келісім-шартымен 3 облыс (Ақмола, Қостанай, СҚО) және Нұр-Сұлтан қаласының фермерлеріне сақтандыру компаниялары 314,1 млн теңге көлемінде төлем жасаған. Үшінші фаза бойынша 5 облыстың фермерлері (Ақмола, Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары) топырақ ылғалдылығы тапшылығы индексі бойынша 56 сақтандыру шартын жасасқан болатын. Олар сақтандыру компанияларынан 224,4 млн теңге сомасында төлемдер алады.

Жалпы, үш фаза бойынша сақтандыру төлемдерінің сомасы 729 млн теңге құрайды. Бұл сома фермерлердің сақтандыру полистеріне жұмсаған шығындарын 565,5 миллион теңгеге асты (729 мың теңге – 159,5 млн теңге).
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу