Қуаныш Ерғалиев ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды

709

ҚР Үкіметінің қаулысымен Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Қуаныш Ерғалиев ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды

Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін, "Қазтұтынуодағы" Қарағанды экономикалық университетін, Тулейн университетін (АҚШ), Гарвард университетін бітірген.

Магистр, PhD докторы.

2009-2014 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2014-2019 жылдары Назарбаев Университетінде жұмыс істеді.

2019-2021 жылдары – Сүлейман Демирел атындағы университет ректоры. 

2021 жылдың маусымынан бастап білім және ғылым вице-министрі болды, жоғары білім және ғылым мәселелері бойынша жетекшілік етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу