Кубада 5,3 балдық жер сілкінісі тіркелді

192

Бұл туралы Кубаның Ұлттық сейсмологиялық зерттеулер орталығы (CENAIS) хабарлады.

Кубада 5,3 балдық жер сілкінісі тіркелді Фото: РИА Новости / Сергей Зеленцов

Кубаның батысындағы Пинар-дель-Рио провинциясындағы Мантуа қаласының маңында магнитудасы 5,3 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жерасты дүмпулері жергілікті уақытпен 13:37–де (Астана уақытымен 22:54) тіркелген.

Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы шамамен 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Маусым айының басында осы өңірде магнитудасы 6,2 болатын бұдан да күшті дүмпулер болған, олар ел астанасы Гавана қаласында да сезілген.

Сейсмологтар мұндай белсенділік Кубаның батыс бөлігі үшін қалыптан тыс құбылыс екенін атап өтті, өйткені жер сілкіністері көбіне аралдың шығыс бөлігінде тіркеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу