Құбыр жарылып, жер үйлердің ішін су басты

601

Қарағандыда құбыр жарылып, бірнеше үйді су басты. 

Құбыр жарылып, жер үйлердің ішін су басты Фото: inbusiness.kz

Салдарынан тұрғындардың тұрмыстық техникалары күйіп, жиһаздары жарамсыз күйге түсті. Тіпті, едендегі жабындылар су бетінде қалқып жатыр. 

80- жастағы Лидия Евгениевна таңнан бері сумен арпалысып әлек. Бар техникасы жарамсыз. Баспанасының іші көлге айналып, жарықтан да ажыратылған. Ол аздай, 50 сантиметрге дейін жеткен су деңгейі пештің ішіне де кірген Енді  жылу да жоқ.

"Үйге келген судың ағыны қатты болғаны соншалық, есікті ашып жіберді. Төсектен тұрып үлгермедім. Барлық тұрмыстық техникаларым істен шықты. Пештің түрі мынау. Қыстың ортасында масқара ғой", дейді тұрғын Лидия Киселева.

Орталық құбырдың тозғаны жайлы тұрғындар "Қарағанды Су" ЖШС-не жылдар бойы сан мәрте айтып келген. Тіпті, жазбаша шағым да түсірген.  Алайда, жауаптылар құлақ аспапты. 

"Қарағанды Су" ЖШС өкілі болса, апат болған жерде құбырдың 50 сантиметрі жарамсыз екенін айтты. Сондай-ақ, жұмысты қалпына келтіру ісі қар ерігенде бір-ақ қолға алынады дейді.

"Қарағанды су ЖШС инвестициялық бағдарламасы бойынша 2023 жылдың жазғы кезеңде Жағалау көшесінің су құбырын шамамен 800 метрді ауыстыруды жоспарлап отыр. Залалды өтеу мәселелерді құқықтың өріс шеңберінде шешетін болады", дейді "Қарағанды Су" ЖШС-ның маманы Ольга Осипчук. 

Келеңсіз жағдай кесірінен осы көшедегі төрт үйді басты. Қазыбек би атындағы аудан әкімінің өкілдері қолдау көрсетіп, судан тазарту үшін техника жіберіпті. Ал, тұрғындардың шығыны әзірге белгісіз. Толығымен саналып болған соң, зардап шеккендер Қарағанды Су компаниясын сотқа беріп, мүлкін өтеуді талап ете алады дейді мамандар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу