Құбырды кесіп, мұнай ұрлауға қатысты қылмыстар саны төмендеп келеді

865

2018 жылы "Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау" магистральді құбырын заңсыз кесуге қатысты бір жағдай тіркелді. 

Құбырды кесіп, мұнай ұрлауға қатысты қылмыстар саны төмендеп келеді

Соңғы бес жылда "ҚазТрансОйл" АҚ құбырларын заңсыз кесіп, қосылу оқиғасы 12 ретке азайды. Бұл құқық қорғаушылар тарапынан бақылау күшейтілуімен қатар, мұнай өнімдері мен мұнайды заңсыз өндіру мен сату оқиғаларына дер кезінде тосқауыл қоюмен байланысты болып отыр, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Егер 2014 жылы мұнай мен мұнай өнімдерін ұрлаудың 12 фактісі анықталса, 2015 жылы ­ – 14 факті, 2016 жылы – 3, 2017 жылы –  6 оқиға, 2018 жылы 1 оқиға тіркелді.

Қаңтар айында "Павлордар-Шымкент" мұнай құбырындағы мұнай ұрлау фактісі бойынша атышулы оқиғаға нүкте қойылды. Тергеу жұмыстары 1 жылдан аса жүрігізілді. Оның қортындысы бойынша Шымкент қаласы Абай аудандық сотының шешімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың 7 мүшесіне үкім шықты. ҰҚТ мүшелерінің мүлкі тәркіленіп,  5 және 7 жылдан бас бостандығынан айрылды. 3 алыпсатарға 1,5 жылдан шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

2018 жылы "Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау" магистральді құбырын заңсыз кесуге қатысты бір жағдай тіркелді. Аталған факті бойынша Маңғыстау облысы, Мұнайлы АІІБ –де Қазақстан Республикасы  Қылмыстық Кодексінің  188 б. 4б. 2 т бойынша қылмыстық іс қозғалды. (мұнай құбырынан жасалған ұрлық), тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу