Күдікті сарбаз қаңтардан бері қару ұрлап келген – ІІМ

1420

Дивизия командирінің үстінен қылмыстық іс қоғалды.

Күдікті сарбаз қаңтардан бері қару ұрлап келген – ІІМ

Ішкі істер министрлігінің тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов Түркістан облысының әскери бөліміндегі қару-жарақ ұрлығына қатысты қылмыстық істің соңғы жаңалықтарымен бөлісті.

"Белгілі бір уақыт бойында қару жымқыру фактісі орын алып келген. ҰҚК мен прокуратураның шұғыл тергеулері осыны әшкереледі. Ұрланған қару-жарақ тәркіленді. Барлық қару бір жолда қолды болмаған. Қаңтар айының соңынан ақпанның ортасына дейін ұрлық жасалып келген. Қару сақтау камерасына жолы ашық екенін пайдаланып, жасырын түрде әр жолы 1-2 қарудан жымқырып отырған. Ал автоматтарды ұрлаған кезде өз достарын, азаматтық тұлғаларды шақырған. Яғни, ұрланған қарудың негізгі бөлігі – автоматтар 19 ақпан күні шығарылған", – деген Санжар Әділов күдікті екі тапаншаны 120 мың теңге сатып үлгергенін айтты. 

"Ұрланған қарудың ішінде 2 тапаншаны 120 мың теңгеге сатып үлгеріпті. Оны бірден анықтап, тәркіледік. Қалған қару азаматтық тұлғадағы достарында сақтап отырған. Лауазымды тұлғалар қаруды сақтамағаны үшін, уақтылы бақылау жүргізіп, қызметте салғырттық танытқандары үшін қылмыстық жауапкершілік арқалайды. Яғни өздерінің фиункционалдық міндеттерін лайықты орындамаған. Дивизия командирі, жедел кезекші мен кезекші мен контрактілік қызметтің қатардағы жауынгері ұсталды. Қазір олар әскери қызмет атқару ережесін бұзғаны үшін, қару ұрлығына әкеп соққан салғырттық үшін қамауда отыр", – деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу