Күдікті Сұлтан Сәрсемалиев пен марқұмдардың қызы заңды некеде болмай шықты

Атырау облысындағы жантүршігерлік қылмысқа қатысты кейбір жайт бірте-бірте белгілі болып келеді.  

Күдікті Сұлтан Сәрсемалиев пен марқұмдардың қызы заңды некеде болмай шықты Фото: astanatv.kz

Бұл туралы журналист Жанат Молдашева жеке парақшасында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Күдікті Сұлтан Сәрсемалиев пен марқұмдардың қызы Ақбаян Мұқанғалиева 2022 жылдан бері заңды некеде емес көрінеді. Бірақ, бір жыл бұрын ғана олар кішкентайлы болған. 

– 2-3 күн бұрын мен полициядан "шетелде жүрген "ерлі-зайыптылар" қандай да бір медициналық есепте тұр ма, есі сау ма?" деп сұраған едім. Бүгін ғана біліп отырмын, Ақбаян Мұқанғалиеав 1 топ мүгедегі екен. Жүйке жүйесінде ауытқуы бар екенін күдіктінің анасынан естіп отырмыз. Оны ресми растады. Одан бөлек, олар 2022 жылы ажырасқан. Енді осындай адамдар, азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар қалай шетел асып кетті? – деп сұрақ қояды Жанат Молдашева. 

Бұған дейін танымал журналист Гүлмира Әбіқай Атыраудағы оқиғаға пікір білдірген еді. 

Ал күдіктінің анасы баласының мұндай іске барғанына мүлдем сенбейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу