Бұған дейін ол ұлының жазығы жоқ екенін жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Атыраудағы оқиғаға қатысты журналист күдіктінің әкесі Самиғолла Сәрсемәліұлына "Аға, сіздің туған қызыңыз, Сұлтанның әпкесі Сирияға барып келген дейді. Не себепті?" деп сұрақ қояды.
– Оны күйеуі алдап алып кеткен дейді. Бала-шағасымен, бәрімен. Қыдырамыз деген болуы керек. Түркия арқылы барған сияқты. Бірақ, нақты қай жылы екенін білмеймін, – дейді күдіктінің әкесі.
Тілші сол уақытта қызының "Жусан" операциясымен елге қайтарылғанын еске салады.
– Құжаттарын жоқ қылып жіберген. Күйеу бала сол жақта (Сирия - ред.) қайтыс болған. Қазір бұл оқиға туралы үйде әңгіме қозғамаймыз. Кіші қызым бауырына құжаттарын жасап, көмектесті, – деп сөзін қорытындылады Самиғолла Сәрсемәліұлы.
Осыған дейін күдіктінің әкесі "Ұлым жуас, тентектігі жоқ" деп мәлімдеген еді.