"Күйеу жігіт қарызға батпауы керек": ҚМДБ мәһрдің мөлшеріне нақты түсініктеме берді

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы неке шарттарының талаптары туралы ресми сайты мен әлеуметтік желі парақшаларында үнемі жазып жүр. 

"Күйеу жігіт қарызға батпауы керек": ҚМДБ мәһрдің мөлшеріне нақты түсініктеме берді Фото: ЖИ

Басқарма екі жақтың разылығы болмаса, неке заңсыз әрі дұрыс саналмайтынын еске салады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар, ҚМДБ оның 4 негізгі шартын мысал етті. Біріншісі – қыз баланың ата-анасының келісімі мен ризашылығы, екіншісі – куәгерлердің қатысуы, үшіншісі – кедергілердің болмауы және төртіншісі – мәһр. 

– Мәһр – ер адамның неке қиылу барысында қалыңдыққа өз ризашылығымен беретін шариғи сыйы. Ханафи мәзһабында мәһрдің ең төменгі шегі – 10 дирхам. Сахабалар өмір сүрген заманда 10 дирхам бір алтын динарға тең болған. Бұл қазіргі өлшеммен 4,25 грамм алтын немесе соған тең келетін ақшалай қаражатқа (нарықтағы құнына) сәйкес келеді. Мәһрдің мөлшерін ер-азаматтың материалдық мүмкіндігіне қарап, отбасының әлеуметтік жағдайын ескере отырып айтқан жөн. Өйткені, мәһр күйеу жігітті қарызға батыратындай көп немесе қыздың көңілін қалдыратындай аз болмауы керек, – деп мәлім етті ҚМДБ.

Сондай-ақ, басқарма күйеу жігіттің мәһрді бірден беруге шамасы жетпесе, оның бір бөлігін алдын ала беріп, қалғанын кейін өтейтінін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу