Күйеуін жүк көлігінің астына итеріп жіберген әйел ауыр жаза арқалады

2821

Күдікті 10 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Күйеуін жүк көлігінің астына итеріп жіберген әйел ауыр жаза арқалады Фото: видео скриншот

Алматы облысында ер адамды жолда кетіп бара жатқан жүк көлігінің астына итеріп жіберген әйелге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен (басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) фактісі бойынша сотқа берілген К. қатысты үкім шығарды.

"2023 жылдың қазанында сотталушы К. Алматы облысы Қарасай ауданы Алматы-Бішкек автожолының шетінде масаң күйде бола тұра, өзінің азаматтық некедегі күйеуі М. арасында туындаған жанжалдың салдарынан оны жүріп бара жатқан жүк көлігінің астына итеріп жіберген. Жәбірленуші М. алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болып кеткен", - делінген хабарламада.

Сотталушының кінәсі толығымен дәлелденген және қылмыстық іс материалдарымен расталған, атап айтқанда, сотталушының айғақтарымен, куәлардың жауаптарымен және сотта зерттелген басқа да айғақтармен дәлелденді. 

"ҚК-нің 53, 54-баптарының талаптарына сәйкес сотталушы К. қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар анықталмаған. Ал ауырлататын мән-жай – алкогольді масаң күйде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Сот үкімімен сотталушы К. ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу