Күйеулерінен қорғанудың тәсілін үйренуге 50-ге жуық нәзік жанды қатысты

859

 Күйеулерінен қорғанудың тәсілін үйренуге 50-ге жуық нәзік жанды қатысты

Әйелдерге жұдырық ала жүгіретін күйеулеріне қарсы әрекет жасаудың тәсілдері үйретілуде. ҚР бас прокуратураның бастамасымен қолға алынған бұл шара отбасындағы зорлық зомбылықты болдырмауға бағытталған. "Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" жобасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар Шымкент қаласындағы спорт мектептерінің бірінде жалғасуда, деп хабарлайды tvk телеарнасы.

Жанұялық жанжалдың елімізде жиі орын алуы мамандарды алаңдатып отыр. Осыған байланысты еліміздің Бас прокуратурасы "Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" атты жаңа пилоттық жобаны қолға алған. Осы шара аясында құрылған арнайы жұмысшы топ кезекті жиынды спорт мектептерінде өткізді. Онда шамамен 50 жуық тұрмыстағы әйелдер мен қыздар жиналды. Оларға шара барысында қит етсе, жұдырық ала жүгіретін күйеулерінен қорғанудың тәсілдері көрсетілді. Құқыққорғаушылар осылайша зорлық-зомбылықтың алдын алуға болады есептейді.

Әйелі күйеуінен физикалық тұрғыда қорғанудың айла-тәсілдерін үйретіп жатқанда, неге екені белгісіз қыз-келіншектер күлкіге қарық болды. Шара қатысқан Барна Құттыбаева бұрымдылар спорттық тәсілдерді үйренгендері дұрыс есептейді.

Қорғану үшін спорттық тәсілдерді үйренемін деген қыз-келіншектер болса, Шымкент қаласындағы №11 спорт мектебінің есігі ашық екенін айтады мамандар. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта өңіріміздің өзге де аудан қалаларында өткізілу жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу