Құқық қорғау органдары үшін киберқауіпсіздік саласындағы білімді жетілдіру бойынша меморандум қабылданды

Криптоиндустриядағы халықаралық зерттеулер бойынша 2022 жылы киберқылмыс көлемі ең жоғары деңгейге жетті.  

Құқық қорғау органдары үшін киберқауіпсіздік саласындағы білімді жетілдіру бойынша меморандум қабылданды Фото: egemen.kz

2 ақпанда форум шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем жəне қаржы технологияларын дамыту орталығы, Binance Kazakhstan Technologies Ltd, Astana Hub халықаралық технопаркі жəне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы төртжақты келісімге қол қойды.

Бірлескен қызмет шеңберінде ұйымдар Орталық Азия өңіріндегі жаһандық қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік хаб болып табылатын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясы үшін білім беру бағдарламаларын əзірлейді. Қазіргі əлемдегі осындай қауіптердің бірі-киберқылмыс.

"Құқық қорғау органдары өкілдерінің жаңа заманауи қауіп-қатерлерге дайын болмауы цифрлық саланы криминализациялауға əкелуі мүмкін. Бұл қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін құқық қорғау органдары цифрлық технологиялар саласында жеткілікті білімге ие болуы керек. Бүгін қол қойылған меморандум криптовалюталардың көптеген құқық қорғау аспектілерін шешу үшін қажетті білім мен дағдыларды жинақтау үшін берік негіз беретініне, сондай – ақ киберқылмыстарды ашу мен тергеу ерекшеліктерін оқыту бойынша жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін", - деп атап өтті Академия ректоры Марат Сексембаев.

Криптоиндустриядағы халықаралық зерттеулердің нəтижелері бойынша 2022 жылы киберқылмыс көлемі ең жоғары деңгейге жетті. Осы жаһандық проблеманы шешу үшін нарықтың ірі ойыншыларын тарту процесі басталады, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдерін киберқылмыстармен күресте блокчейннің жаңа құралдарына үйретуге баса назар аударылады.

"Біз аймақтағы ең ірі технопарк ретінде құқық қорғау органдары мен технологиялық экожүйенің, соның ішінде нарықтың ең ірі ойыншыларымен ынтымақтастық алаңына айналуға қуаныштымыз. Криптоинцеденттерді тергеу процестерінің дамуы криптоиндустрияның жəне тұтастай алғанда блокчейн технологиясының дамуымен қатар жүруі керек. Қазақстан өңірде үздік тəжірибе жасай алады деп сенемін, оған біз барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайынбыз", - деп атап өтті Astana Hub халықаралық технопаркінің бас директоры Мағжан Мəдиев.

Білім беру бағдарламасы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем жəне қаржы технологияларын дамыту орталығы" АҚ, Astana Hub халықаралық технопаркі қолдауымен көтерілген Блокчейн Орталық зертханасымен бірлесіп Binance білім беру материалдары негізінде Академия базасында іске асырылатын болады.

Айта кетейік, Digital Almaty халықаралық форумы 2-3 ақпанда Алматыда өтеді. Ұйымдастырушылар: ҚР цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының əкімдігі, Tech Garden жəне Astana Hub.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу