Құлаған Су-27 ұшқышының денсаулығы қанағаттарлық – ҚР Қорғаныс министрлігі

1128

Құлаған Су-27 ұшқышының денсаулығы қанағаттарлық – ҚР Қорғаныс министрлігі

Құлаған Су-27 ұшағының ұшқышы майор Әділбек Ысқақов әскери госпитальда жатыр, деп мәлім етті ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"Әскери дәрігерлердің дерегі бойынша, оның денсаулығы қанағаттанарлық, денесінде сынық және ісік жоқ", – делінген хабарламада.

Авиациялық оқыс оқиға болған жерге келіп жеткен қорғаныс министрлігінің комиссиясы тексеру жүргізеді. Сондай-ақ бұл жұмысқа бас әскери прокуратураның қызметкерлері де қатысады, делінген ақпаратта.

Өткен сәрсенбіде Талдықорған қаласынан  25 шақырымдай жерде түнгі мезгілде оқу-жаттығу жүргізіп жатқан ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты 21751 әскери бөлімінің Су-27 ұшағы  құлады.

Ұшқыш ұшақты елдімекеннен алысқа алып кету үшін бар күшін салып, кейін өзі де жерге қонған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу