Құлаған үйді салғандар 600 миллион теңге төлеуге міндеттелді

897

Құлаған үйді салғандар 600 миллион теңге төлеуге міндеттелді

Қарағандыда құлап қалған "Бесоба" тұрғын үй кешенін салған 5 бірдей құрылыс компаниясы мемлекетке 600 млн теңгедей қайтаруға тиіс, деп хабарлайды astanatv.kz.

Облыстық соттың азаматтық істер бойынша апелляциялық алқасы істі қайта қарап, осындай қаулы шығарды. Бұл баспанасыз қалған жүздеген тұрғынға келген шығын мен оларды қайтадан үймен қамтуға жұмсалған қаражат көлемі.

Еске салсақ, "Бесоба" тұрғын үй кешеніндегі үйдің бірі осыдан 6 жыл бұрын  опырылып, ортасына түскен еді. 138 тұрғын ғимарат қисая бастаған кезде эвакуацияланды. Олар уақытша баспанаға орналастырылып, кейін 60 отбасына апатты үйдің орнына салынған "Шапағат" кешенінен пәтерлер берілген.

Алайда әлі де 118 адам өз кезектерін күтіп жүр. Олардың жартысынан астамы - "Бесобаның" бұрынғы үлескерлері. Жапа шеккендер меншіктік құқықтарын Қарағанды қалалық әкімдігіне берген. Айыптылармен тұрғын үй қатынастарының бөлімі соттасты. Тергеу, тексеру кезінде қауіпті ғимараттың іргетасы болмағандығы анықталған. Соған қарамастан, "Бесобаны" салуға рұқсат берген, ғимаратты тұрғызған, сондай-ақ жаңа үйді қабылдап алған шенеуніктердің барлығы тергеу кезінде-ақ рақымшылыққа ілінген болатын.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу