Нашар еститін такси жүргізушісін видеоға түсірген блогер халықтан кешірім сұрады

606

Желіде 65 мыңдай жазылушысы бар блогер Нұрила Аманбаеваның әрекеті көпшіліктің ашуын келтірді.

Нашар еститін такси жүргізушісін видеоға түсірген блогер халықтан кешірім сұрады Фото: видеодан алынған кадр

Ол нашар еститін такси жүргізушісін видеоға түсірген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Блогер кейін түсініктеме беріп, ешкімді ренжітуді мақсат етпегенін, видеоны әзіл ретінде түсіргенін айтып, кешірім сұрады.

"Блог жүргізе бастағаннан бері мен әрдайым отбасылық құндылықтарды насихаттап, ана болуды қолдап келемін. Ешқашан біреуді ренжітуді немесе мазақ қылуды деп ойлаған емеспін. Қазір полиция жағдайды бақылауға алды және мен өз ісім үшін толық жауап беруге дайынмын. Тағы да жүргізушіден және оның отбасынан шын жүректен кешірім сұраймын", – деп жазды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу