Құлсарыда балалы әйелді көлік қақты

95

Әйел баласымен бірге жолдың рұқсат етілмеген тұсынан өтіп бара жатқан кезде оларды Hyundai көлігі қағып кеткен.  

Құлсарыда балалы әйелді көлік қақты Фото: Depositphotos.com

Оқиға 5 қарашада кешкі уақытта Атырау облысына қарасты Құлсары қаласындағы Махамбет даңғылы мен Сырым Датов көшесі қиылысында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полицияның мәліметінше, жарақат алғандарға медициналық көмек берілді. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр.

Полиция тұрғындарға жолдың белгіленген тұсынан ғана өтуге және рульде мұқият болуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу