Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 8 жасар қыз 5 маусымда үйінен шығып кеткен.
Құлсары қаласындағы көше камерасына ер адамның жасөспірімді ертіп бара жатқаны түскен.
– Жылыой аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді. Жасөспірімді өлтірді деген күдікпен Құлсары қаласының 36 жастағы тұрғыны жедел ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Кейін сот санкциясымен қамауға алынды, – деп хабарлады.
Қазір аталған дерекке қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр.
– Елімізде мұндай ауыр қылмыс үшін ең қатаң жаза қарастырылған. Жасөспірімнің өліміне байланысты қозғалған қылмыстық істі тергеу барасы Атырау облыстық полиция департаменті бастығының ерекше бақылауына алынды, – деп мәлім етті.