Жанармай бекеті 30 мамырда жарылған болатын. Алғашқыда 14 адам жарақат алғаны айтылған. Алайда кейіннен бұл сан артты. Қызыл жалын 450 шаршы метрді шарпыды.
Зардап шеккендердің қатарында 25-тен 75 жасқа дейінгі азаматтар бар. Олардың денелерін 5%-дан 22% аралығында күйік шалған. Жылыой аудандық ауруханасының директоры Асұлан Абдрахмановтың айтуынша, қазір 5 адам ауруханада ем қабылдауда. Тағы 6 адам амбулаториялық емделуге үйіне жіберілсе, 3 науқас облыстық ауруханаға ауыстырылған.
"Пациенттердің жағдайы тұрақты. Өмірлеріне қауіп жоқ", – дейді дәрігер.
Әкімдік бұған дейін зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін хабарлаған.