Құмар ойындарының құралдары жойылды

836

Құмар ойындарының құралдары жойылды

Алматы облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің жедел іздестіру шаралары барысында бірнеше заңсыз ойын автоматтары анықталды. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалып, соттың үкімімен тәркіленген 37 ойын автоматы, 3 рулетка және 5 покер үстелінің көзі жойылды.

"Бүгінгі таңда соттың үкімімен барлық тәркіленген ойын автоматтары жойылсын деген үкім шыққан болатын. Аталған үкім бойынша қызметкерлер бүгін сот орындаушыларымен бірге ойын автоматтарын жою  іс- шаралары жүргізіліп жатыр", - деді облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі Жақсылық Мырзахан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу