Күн сайын елімізде қызылша ауруының 350 жағдайы тіркеледі

Елдің 643 мектебінде қызылшаның 1466 жағдайы тіркелді.

Күн сайын елімізде қызылша ауруының 350 жағдайы тіркеледі Фото: iStock.com / Marina Demidiuk

Бұл туралы "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК басқарма төрағасы Манар Смағұл мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Күн сайын республика аумағында қызылшаның 350-ге жуық жағдайы тіркеледі және негізгі сырқаттанушылық вакцина алмаған адамдарға тиесілі. Жалпы республика бойынша сырқаттанғандар арасында вакцина алмаған балалардың үлесі 83,6% немесе 13670 жағдайды құрайды", – деді спикер.

Елдің 643 мектебінде қызылшаның 1466 жағдайы тіркелді.

"Алғашқы 72 сағат ішінде эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 3898 адам егілді, бірақ 967 адам вакцинациядан бас тартты, тағы 724 адам медициналық көрсетілім бойынша. 827 балабақшада 1662 жағдай тіркелді. Науқаспен қарым-қатынаста болған 1442 адам егілді, 523-і вакцинациядан бас тартты, 371-інде медициналық көрсетілім бар", – деді Манар Смағұл.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу