Күнбағыс майы бір жылда 17,1%-ға қымбаттады

474

2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша күнбағыс майының бағасы бір айда 0,4%-ға өсті.

Күнбағыс майы бір жылда 17,1%-ға қымбаттады Фото: gov.kz

Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 537,1 мың тонна күнбағыс майы өндірілді. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 62,2%-ға көп, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Оның ішінде тазартылмаған күнбағыс майы өндірісінің көлемі бір жылда 2,1 есеге артып, 376,7 мың тоннаны құрады. Сонымен қатар 160,4 мың тонна тазартылған күнбағыс майы өндірілді.

2022 жылғы қаңтар-қазан қорытындысына сәйкес отандық компаниялар күнбағыс майына сұранысты (ішкі нарықта сату және экспорт) 81,5%-ға қамтамасыз етті. Аталған кезеңдегі өндіріс көлемі – 389,9 мың тонна. Импорт 88,6 мың тоннаны құрады, жылдық өсім – 28%.

Күнбағыс майының экспорты 2,5 есеге өсті (187,5 мың тонна). Ішкі нарықта сату 12%-ға артып, 291,1 мың тоннаға жетті.

Өткен жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша күнбағыс майы бір айда 0,4%-ға, бір жылда 17,1%-ға қымбаттады.

Республика бойынша қарайтын болсақ, күнбағыс майының жылдық қымбаттауы 10%-дан (СҚО-да) 25,1%-ға (Қарағанды облысында) дейін өзгереді. Сектордағы бағаның айтарлықтай жоғарылауы Алматы қаласында (+23,4%) және Ұлытау облысында (+22,1%) да тіркелді.

2022 жылдың желтоқсан айында күнбағыс майының орташа бағасы бір литрі үшін 910 теңгені құрады.

Ең қымбат баға Қонаев және Жезқазған облыстарында байқалады: 1024 және 1003 тг. Күнбағыс майына ең төмен баға Семей (777 тг) мен Өскеменде (783 тг) тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу