"Күнде бір үмітпен келемін": Майқайыңдағы апаттан табылмаған құтқарушының әйелі жантебірентерлік жазба жариялады

2058

4 қаңтар күні Павлодар облысындағы Майқайың алтын кен орнында жер опырылып, ішінде 4 жолаушысы (3 құтқарушы мен 1 жүргізуші) бар автобус шұңқырға құлап кетті. 

"Күнде бір үмітпен келемін": Майқайыңдағы апаттан табылмаған құтқарушының әйелі жантебірентерлік жазба жариялады Фото: bugin.kz

Қаза тапқан 2 адамның денесі шығарылды. Тағы екеуі әлі табылған жоқ.

Соның бірі Нұрсұлудың жары Айдос Шаймерден болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жаным Айдос, қанша жүрегім ауырса да мен сені құтқара алмай жатқан жерге келдім. Күнде бір үмітпен келемін осында. Қанша адамды құтқардың, бірақ сені ешкімнің құтқара алмай жатқанына жүрегім ауырады. Бүгін алпысыншы күн. Бір үмітпен жүрмін. Алла Тағала сенің басыңа барып құран бағыштауды нәсіп етсінші деймін. Саған иттік жасағандарды бір Аллаға тапсырдым", – дейді келіншек желідегі жазбасында.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу