17 қарашада Мәскеу уақытымен сағат 18:49-да Күн дақтарының 4578 тобында (S11W66) рентген диапазонында M1.1 санатындағы жарқыл тіркелген. Оның ұзақтығы 14 минут болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Күн жарқылдары рентген сәулеленуінің қуатына қарай бес санатқа бөлінеді: A, B, C, M және X. Ең төменгі A0.0 санаты Жер орбитасындағы бір шаршы метрге 10 нановатт сәулелену қуатына сәйкес келеді. Келесі әріптік санатқа өткен сайын сәулелену қуаты 10 есе артады.
Күн жарқылдары плазманың лақтырылуымен қатар жүруі мүмкін. Плазма бұлттары Жерге жеткен жағдайда магниттік дауылдарды тудыруы ықтимал.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу