2025-2026 оқу жылының үшінші тоқсаны басталғанда мектептер жаңа платформаға өте бастаған болатын, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл ата-аналар арасында наразылық туғызды, өйткені оларға бұл өзгеріс туралы бір ауыз ескертпеген. Осылайша 300 мыңнан астам оқушы мен ата-ананың жеке деректері келісімінсіз көшірілген.
Kundelik компаниясы Алматының білім басқармасынан ынтымақтастықты тоқтату туралы ресми хабарлама алмағанын, ал Оқу-ағарту министрлігімен келісім 2030 жылға дейін күшінде екенін айтып отыр.
13 қаңтарда сот Kundelik-тің өтінішін қанағаттандырып, білім басқармасына балама жүйелерді енгізуге, деректерді өзге платформаларға көшіруге және BilimClass-пен келісімдер жасауға тыйым салды.
BilimClass компаниясы сотта өз ұстанымын қорғауды жалғастыратынын айтып, түпкілікті шешім әлі қабылданбағанын және мектептерде оқу процесі қалыпты режимде жүріп жатқанын мәлімдеді.