Күндізгі саудада доллардың орташа сараланған бағамы 1,34 теңгеге өсті

515

1 доллар 429,57 теңге болды.  

Күндізгі саудада доллардың орташа сараланған бағамы 1,34 теңгеге өсті

Қазақстан қор биржасындағы саудада (KASE) доллардың теңгеге шаққандағы бағамы аздап өсті, деп жазды inbusiness.kz

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 1,34 теңгеге көтеріліп, 429,57 теңгені құрады.  

Айта кетейік, Ұлттық банктің 16 мамырдағы доллардың ресми бағамы 427,84 теңгені құрайды.

Kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 430,42 теңге, сату – 434,86 теңге.  Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы орта есеппен 431,41 теңгеден сатып алынып, 434,04 теңгеден сатылуда.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу