Құнды қағаздардың шығарылымын тіркеу өзгерді

758

Жарияланған акциялар және мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер электронды форматқа ауыстырылды.

Құнды қағаздардың  шығарылымын тіркеу өзгерді

Акциялар және мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын тіркеуде өзгерістер жасалды. Бұл туралы бас банк хабарлады, деп жазды atameken.kz. 

Жарияланған акциялар және мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер электронды форматқа ауыстырылды.

"Бұл қызметтер Egov.kz  – электронды үкімет веб-порталы арқылы электронды форматта ғана көрсетіледі. Ұлттық банк аталған мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы өтінімдерді қағаз түрінде кеңсе арқылы қабылдамайтын болады",– делінген хабарламада.

Өзгерістер Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарының 22-тармағын орындау шеңберінде жүргізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу