Күнгейде мақта теру маусымы басталды

3700

Бірқатар шаруа қожалықтары қолмен теруге кірісіп кетті.

Күнгейде мақта теру маусымы басталды

Түркістан облысы Жетісай ауданында мақта терімі басталды,  Ж.Ералиев, Ш.Ділдабеков, Мақталы, Қарақай ауыл округтеріндегі шаруа қожалықтары қолмен теруге кірісті, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Биыл ауданда 48220 гектарға мақта дәні себілген. Аудан шаруалары өткен жылы орташа есеппен мақтаның әр гектарынан 25 центнерден өнім жинаса, биыл да осы көрсеткіштен төмен болмайды деп  болжам жасап отыр. Енді бірер күнде мақта алқаптарында комбайндар жұмысқа кіріспек, 70-ке жуық "ДжонДир" мақта теретін комбайнның техникалық дайындықтары пысықталуда. Оның 65-і 4 жүйекті. Яғни, әрбір комбайн бір мезетте 4 жүйектегі ақ алтынды жинауға қауқарлы.

Айта кетерлігі, шаруаларға мемлекет тарапынан берілетін жанар-жағармай талондары таратылып берілуде. Сондай-ақ, алқаптарда мақтаны химиялық әдіспен қурату жұмыстары жүргізіліп жатыр, мақта жинауға арналған қабылдау бекеттері іске қосылуда

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу