Күннен аса ірі плазмалық бұлт бөлініп шықты

176

Бұл туралы Ресей Ғылым академиясы Ғарыштық зерттеулер институты мен Сібір бөлімшесінің Күн-жер физикасы институтының Күн астрономиясы зертханасы хабарлады.

Күннен аса ірі плазмалық бұлт бөлініп шықты Фото: NASA

Күнде көлемі шамамен 500 мың шақырым болатын ірі плазмалық бұлттың бөлініп шыққаны тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Көлемі жарты миллион шақырымға жуық өте ірі Күннің бетіндегі плазмалық бұлт бөлініп шыққан сәті бірден бірнеше ғарыш телескопының камерасына түсіп қалды, – делінген хабарламада.

Бұл – Күннің бетінде қалқып тұратын суық газ бұлттары. Олар көбіне жұлдыз бетінен ондаған, тіпті жүздеген мың шақырым биіктікте орналасады. Бұл газ бұлттары магнит өрісінің күш сызықтарымен шырмалып, солардың әсерінен бір орында тұрақтап тұрады. Сонымен қатар уақыт өте келе көлемі ұлғая береді. Кейде олардың ұзындығы жүздеген мың, сирек жағдайда миллион шақырымға дейін жетеді.

Протуберанецтер Күн тәжінің табиғи құрылымына жат болғандықтан, жұлдыз олардан арылуға тырысып, ғарышқа лақтырады. Мұндай құбылыстар магниттік дауылдарға себеп болуы мүмкін. Алайда бұл жолы плазмалық бұлт Жерге қарай емес, бүйір бағытқа қарай қозғалып барады. Мамандардың болжауынша, оның жолында Марс болуы мүмкін.

Соған қарамастан, протуберанец Жерге де әсер етуі ықтимал. Бірақ оның салдары айтарлықтай болмайды деп болжанып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу