Күннің екінші жартысында Астана процесінің нәтижесі жарияланады

962

Күннің екінші жартысында Астана процесінің нәтижесі жарияланады

Елордада өтіп жатқан сириялық реттеу жөніндегі халықаралық кездесудің (Астана процесі) екінші күнгі кездесуін түскі 14.00-де аяқтау жоспарланған, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Тараптар сағат 14.00-де Астана процесінің нәтижелерін жария ету үшін қорытынды баспасөз мәслихатына шығады деп күтілуде. Қабылдаушы тарап келіссөздерге қатысушы барлық делегация өкілдеріне баспасөз мәслихаты өткізілетін арнайы зал дайындап қойған. ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілі БАҚ алдына кімнің шығатындығын дөп басып айта алар емес. Дегенмен, журналистерге арналған брифингті БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнаулы елшісі Стаффан де Мистура өткізуі мүмкін.

Айта кетейік, елордадағы "Риксос" қонақ үйінде өткен Сирия жанжалын реттеу жөніндегі халықаралық кездесудің алғашқы күнгі отырысына  Сирияның үкіметтік делегациясынан БҰҰ жанындағы осы елдің тұрақты өкілі Басар аль-Джафари, шамамен 15 оппозициялық топтың өкілі, РФ Президентінің сириялық реттеу мәселелері жөніндегі арнаулы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия  Сыртқы істер министрнің орынбасары Седат Онал Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Садек Хусейн Джабери Ансари, БҰҰ бас хатшысының Сирия жөніндегі арнаулы өкілі Стаффан де Мистура мен Қазақстандағы АҚШ Елшісі Джорд Крол қатысқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу