Құны 100 млрд теңге болатын жобалар жүзеге асырылады

3534

2013 жылдан бері өткізіліп келе жатқан "BAIKONYR INVEST" форумы нәтижесінде 130-дан астам меморандумға қол қойылып, 1 трлн-нан астам инвестиция тартылған.  

Құны 100 млрд теңге болатын жобалар жүзеге асырылады

Дәстүрге айналған форум биыл "Қызылорда: тұрақты өрлеу, инвестициялық ынтымақтастықтық үшін жаңа мүмкіндіктер" деп аталды.

Жиында сөз алған Қызылорда облысы әкімі Қ.Ысқақов аймақтың артықшылықтарын айтты.

"Қызылорда облысының ең маңызды артықшылықтарының бірі – тиімді логистикалық жағдайға ие екендігі. Бүкіл облыс арқылы су артериясы (Сырдария өзені), оның бойымен темір жол және "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық магистралінің 800 км астам ең үлкен учаскесі біздің өңір арқылы  өтеді", – деді облыс әкімі.

Шара барысында құны 100 млрд теңгеге жуық жобаларды іске асыру мақсатында 25 меморандумға және 1 келісім-шартқа қол қойылды.

Түрлі экономикалық басымдыққа ие салаларды қамтыған шарттар қатарында өнеркәсіпте – 14, агроөнеркәсіптік секторында – 9, мемлекеттік–жекешелік әріптестік бағытында 3 инвестициялық жобалар тізімге енді.

Форум аясында пленарлық, секциялық жиындар өтті. Онда "Байқоңыр АЭА – жобаларды іске асыруға арналған перспективалы алаң", "Ауыл шаруашылығында фермерлікті және мал шаруашылығы кластерін дамыту мүмкіндіктері", "Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту перспективалары" тақырыптарын бойынша баяндамалар оқылды.

Нұрбек Дәуренбеков

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу