Құны 615 миллион долларды құрайтын 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

729

Бұл жоспар іс жүзінде орындалса, өңірде 3 мың жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. 

Құны 615 миллион долларды құрайтын 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Түркістан облысы әкімдігі мен "Turkestan Invest" мекемесі бірлесіп жалпы құны 615 млн АҚШ долларын құрайтын 13 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды қолға алды. Бұл туралы "Kazakh Invest" ұлттық компаниясының өңірлік директоры Дәулетқожа Мамыров мәлімдеді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Оның сөзінше, жыл соңына дейін құны 47,5 млн АҚШ долларды құрайтын 3 жоба іске қосылады деп күтілуде. Нәтижесінде жаңадан 500-ге жуық жұмыс орны пайда болады.

"Бүгінгі күнге дейін түрлі салаларда 50 бизнес жоспар жасалған. Оның ішінде 4 жоба облысымызға тиесілі. Олардың қатарында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт, түйе сүтінен өнімдер өндіретін кәсіпорын және алюминий және пластмассалық бұйымдарын шығаратын өндіріс орны бар. Одан бөлек, қосымша 10-ға жуық шетелдік инвесторларды тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде. Айта кететін жәйт көптеген шетелдік компаниялар біздің өңірімізге келіп, жұмыс істеуге ерекше қызығушылық танытып отыр", - Дәулетқожа Мамыров.
 
Сараптамалық зерттеулер нәтижесінде әлемнің дамыған 36 елі инвестиция құюға әлеуетті екені анықталған. Алайда, іскерлік қарым-қатынас орнату бойынша АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, ҚХР, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия, БАӘ сияқты елдерге басымдық берілген. Қазіргі таңда аталған елдерде қаржы көздерін тарту бойынша "KAZAKH INVEST" өкілдіктері мен елшілердің арнайы инвестиция бойынша кеңесшілері жұмыс істеуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу