Құрамында алтын бар кенді өндіру қысқарған

859

Былтыр қаңтар мен маусым айлары аралығында 11,7 млн тонна кен өндірілген еді. 

Құрамында алтын бар кенді өндіру қысқарған

Қайта өңдеу сегментінде өңделмеген және жартылай өңделген бағалы металл шығару өскен. Бұл туралы energyprom.kz басылымы хабарлады. 

2020 жылдың қаңтар және маусым айларында  құрамында алтын бар кенді өндіру көлемі 11,4 млн тонна болды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 3%-ға аз. Былтыр қаңтар мен маусым айлары аралығында 11,7 млн тонна кен өндірілген еді. 

Алтынды концентрат өндірісінің көлемі 198,5 мың тоннаға жеткен. Ал өңделмеген және жартылай өңделген алтын, сондай-ақ ұнтақ күйіндегі алтын шығару 53,5 тоннаға дейін өскен. Былтырғы көрсеткіштен 11,2%-ға көп. 

Алтын өндіретін ірі компаниялардың бірі – "Тау-Кен Самрұқ" АҚ. Оның дерегіне сүйенсек, бірінші тоқсанда Нұр-Сұлтан қаласындағы зауытта 7 млн тонна тазартылған алтын шығарылған. Оның 1 тоннасы алыс-беріс негізінде алынған шикізаттан (толлинг) өңделді. 2020 жылдың соңына қарай компания 30 тонна алтын өндіруді жоспарлап отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу