Құрамында құқық қорғау органдарының қызметкерлері де бар қылмыстық топ ұсталды

2413

Ұсталған ұйымдасқан топтың 16 мүшесіне түрлі айыптар тағылып отыр.

Құрамында құқық қорғау органдарының қызметкерлері де бар қылмыстық топ ұсталды

2021 жылғы 10 наурызда Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар және Семей қалаларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұсталған топтың 16 мүшесіне адам ұрлау, бопсалау, кісі өлтіруге оқталу, Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындардың бірінен құрамында алтыны бар шикізатты ұрлау және оның ҚР шегінен тыс контрабандасы, сондай-ақ трансұлттық қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау айыптары тағылып отыр.

Қылмыстық топтың құрамында құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы қызметкерлері де бар.

Ұстау барысында қаскүнемдерден олардың жасаған қылмыстарын растайтын ірі көлемде ақша, материалдық құндылықтар, байланыс құралдары және өзге де заттар табылып, алынды.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу