Құран жарысында бас жүлдеге автокөлік берілді

1122

Құран жарысында бас жүлдеге автокөлік берілді

Алматыдағы "Алатау" дәстүрлі өнер театрында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған VІІ республикалық Құран жарысы қорытындыланды. Жеңімпазға автокөлік берілді, деп хабарлайды muftyat.kz.

Дін жанашырлары мен демеушілерінің қаржылай қолдауымен өткен, жүлде қоры 17 млн теңгені құрайтын сайысқа республика бойынша 500-ден астам жас қари қатысты. Олар төрт бағыт бойынша бақ сынасты: Құранның 10 парасын жатқа оқу, Құранды мәнерлеп оқу, 20 пара Құранды жатқа айту және қасиетті кітапты толық (30 пара) жатқа оқу.

Құранды толық жатқа оқу бойынша бас жүлде – автокөлік Нағманов Нағим Серікұлына бұйырды. ІІ орын алған Хакимов Фазлидин Абдихужаұлына 2 млн тенге берілді. ІІІ орын - Жахсылыков Еркебұлан Сержанұлына бұйырды – 1,5 млн теңге.
Сондай-ақ, 20 пара, 10 пара Құран оқу, мәнерлеп оқу бойынша 9 қари тиісті жүлдесіне қол жеткізді.

Әрбір өңірлерден келіп қатысқан жүлделі орындарға ие бола алмаған қариларға арнайы Алғыс хат пен 50 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлықтар табысталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу