Құрбан айт намазы 10 минут оқылады

1861

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы карантин кезінде құрбан шалу рәсіміне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Құрбан айт намазы 10 минут оқылады

"20 шілде күні республика аумағында таңғы сағат 07.00-де қатаң санитарлық норма талаптарын сақтай отырып, аймақтарда 10-минуттық құрбан айт намазы оқылады. "Қызыл аймақта" құрбан айт намазын оқу жергілікті санитарлық мемлекеттік бас дәрігердің қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
Құрбан айт намазын өткізу бойынша ҚМДБ-ның өкіл имамдары жергілікті бас санитарлық дәрігерлермен бірлесіп, арнайы брифинг өткізеді. Жамағаттан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, айт намазы біткен сәтте мешіт ауласында ұзақ тұрақтамауды сұраймыз", – деді бас мүфти. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу