Құрбан айтта қанша күн демалыс берілетіні белгілі болды

1185

Маусым айында қазақстандықтар Құрбан айттың құрметіне қосымша демалыс алады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құрбан айтта қанша күн демалыс берілетіні белгілі болды Фото: canva.com

Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға сәйкес келеді. Бұл күнді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі діни мамандардың ұсынысы негізінде бекітті. Демалыс күндерінің кестесі жұмыс аптасының ұзақтығына байланысты болады:

Бес күндік жұмыс аптасы барлар үшін: 6, 7 және 8 маусым (жұма, сенбі, жексенбі) – демалыс күндері болады. Осылайша, көпшілік азаматтарға толыққанды үш күндік демалыс беріледі.

Алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін: 6 маусым (жұма) және 8 маусым (жексенбі) – демалыс. 7 маусым (сенбі) – жұмыс күні болып қала береді.

Құрбан айт күні ресми мейрам болғанымен, ол басқа күнге ауыстырылмайды. Яғни, егер мереке демалыс күніне түссе, қосымша демалыс берілмейді. Алайда, 2025 жылғы күнтізбе қазақстандықтарға демалуға және отбасымен бас қосуға қолайлы мүмкіндік сыйлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу