Құрбандыққа қашықтан шалынған малдың еті қалай үлестіріледі?

860

Имамдар екі ортада жүріп, пайда табумен айналыспайды.

Құрбандыққа қашықтан шалынған малдың еті қалай үлестіріледі?

Түркия, Малайзия, Индонезия, БАӘ сынды бірқатар мұсылман мемлекеттерінде құрбандыққа қашықтан шалынған малдың етін мұқтаж жандарға үлестіру бұрыннан қалыптасқан және жыл сайын дәстүрлі түрде атқарылатын игі іс. Биыл біздің ел осы жобаға жүгінеді. 

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлының сөзінше, елімізде алғаш рет жүзеге асырылатын қашықтан құрбан шалу ісі сын сағатта пайда табуды емес, халықтың құрбан шалуға деген қажеттілігін жүзеге асыруды көздейді. 

"Бұл бастаманың негізгі мақсаты – азаматтардың құрбандықтарын шалып беруді ұйымдастыру. Онлайн тапсырыс арқылы құрбандық шалу кезінде 
осы кезге дейін дағды болып, үйреніп қалған малды өзіміз таңдау,  қасапшының жанына барып, өзіміз қасыту секілді жағдай болмайын деп тұр", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас муфтидің мәліметінше, онлайын құрбандық барысында имамдар делдалдық қызмет жасамайды. Екі ортада жүріп, пайда табумен айналыспайды. 

"Осы кезге дейін құрбан шалған азаматтар құрбан етін үшке бөліп, бір бөлігіне ағайын-туыс, көрші-қолаңға арнап, дастархан жаятын. Пандемия жағдайына байланысты онлайн құрбандық кезінде еттің үштен бірі құрбан шалған адамға берілмей, түгелдей мұқтаж отбасыларға үлестіріледі", – деді бас мүфти. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу