Курчатов қаласында КЭС құрылысы басталды

772

Инвестициялық жобаны іске асыру 2026-2032 жылдарға жоспарланған.  

Курчатов қаласында КЭС құрылысы басталды Фото: Абай облысының әкімдігі

Курчатов қаласында жаңа конденсациялық электр станциясының құрылысы ресми түрде басталып, болашақ нысанның іргетасына уақыт капсуласы қаланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Маңызды рәсімге Абай облысының әкімі Берік Уәли, ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, "Курчатов ГРЭС" ЖШС құрылтайшысы, сондай-ақ бас мердігер ұйым – TANSU Construction компаниясының өкілдері қатысты.

Бұл жоба Абай облысының ғана емес, бүкіл еліміздің энергетика саласы үшін стратегиялық маңызы зор бастама саналады. Жаңа электр станциясының құрылысы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, электр энергиясы тапшылығы тәуекелдерін төмендетуге, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға және жаңа инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

Құрылыс толық аяқталып, станция пайдалануға берілгеннен кейін жылына 5 миллиард кВт/сағатқа дейін электр энергиясы өндіріледі.

Жоба аясында Курчатов қаласында 400 тұрақты жұмыс орны ашылады. Бұл өз кезегінде халықты жұмыспен қамтуды арттырып, қаланың және жалпы Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу