Курчатовтағы 700 МВт электр станциясының құрылысы талқыланды

299

Қуаты 700 МВт болатын электр станциясының құрылысы биыл жазда басталды.

Курчатовтағы 700 МВт электр станциясының құрылысы талқыланды Фото: Абай облысының әкімдігі

Абай облысының әкімі Берік Уәли "ГРЭС Курчатов" ЖШС өкілдерімен кездесіп, Курчатов қаласында салынып жатқан қуаты 700 МВт конденсациялық электр станциясы жобасының жүзеге асырылу барысын талқылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жиында станцияға су құбырын тарту, "Курчатов – Айдарлы" бағытында ұзындығы 460 шақырым болатын 500 кВ электр желісін салу және қажетті жер телімдерін рәсімдеу мәселелері қаралды.

Аймақ басшысы жобаның өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, Курчатов қаласының индустриялық дамуына серпін беретінін атап өтті.

Кездесу қорытындысында Берік Уәли жауапты тұлғаларға инфрақұрылымдық мәселелерді инвесторлармен бірлесіп шешуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу