Күрделі жөндеуден өткен кеме шекара қызметі үшін Каспийде сынақтан өткізілді

1003

Күрделі жөндеуден өткен кеме шекара қызметі үшін Каспийде сынақтан өткізілді

Орал қаласында Шаған бөгенінде 100 жобаның "Сұңқар" санатындағы кемесі күрделі жөндеуден өтіп, жаңғыртылғаннан кейін суға жіберілді. Орал өзені бойынша Каспий теңізіне шыққан кеме тапсырыс беруші ҚР ҰҚК шекара қызметі үшін толыққанды сынақтан өтеді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Зауыттық және бекіту арқаны сынағынан өтті, деп атап өтті жөндеуді жүргізген "Зенит" Орал зауытының қызметкерлері.

"Күрделі жөндеу 2016 жылы басталған. Нәтижесінде кеменің бас қозғалтқышы, электр жабдығы, навигациялық жабдық, байланыс құралы жөнделіп, кабуз жабдығы жаңартылды, жеке бөлмелерге әрлеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, ауа тазартудың заманауи жүйесі орнатылды. Тапсырыс берушілердің барлық тілектері мен ескертулері ескерілді. Каспийде кеме сынақтың теңіздегі және өзге де түрлерінен өткізіліп, тапсырыс берушіге беріледі", - деді "Зенит" Орал зауыты" АҚ бас директорының маркетинг және өткізу жөніндегі орынбасары Богдан Хомко. Хомконың айтуынша, зауытта жоба бойынша 6-шы "Барыс" және бесінші FC-19 жүрдек кемесін салу жұмыстары аяқталып қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу