Күрдтер күшейіп келеді

1872

 Күрдтер күшейіп келеді

Соғыс әлі тоқтамаған Сирия аумағында күрдтердің халықтың өз-өзін қорғау жасағы содырлармен бірігіп, араб елді-мекендеріне шабуылдап жатыр. Сарапшылар күрдтердің бұл әрекеті геноцидке ұласып кетуі мүмкін екенін айтып, дабыл қағып отыр, деп хабарлайды islam.kz.

Айта кетейік, күрдтер мен арабтардың арасы жақсы емес. Бұрыннан солай. Оған бірнеше саяси, тарихи жайттар себеп. Бұған қоса, Түркияда террористік ұйым ретінде танылған Күрдістанның жұмысшы партиясын идеологиялық тұрғыдан Израилдің қолдап отырғанын айта кету керек. Израил билігі күрдтердің тәуелсіздік алуын жақтап отыр. Дәлірегі, бұл тақырыпта Израилдің премьер-министрі Биньямин Нетаниягу мәлімдеме жасады. Әлем қауымдастығынан айылын жия бермейтін Израил өзі басып алған палестиналықтардың азаттық үшін жүргізген күресін террористік актіге жатқыза салудан тайынбаса да күрдтердің қолтығына су бүркіп отыр. Израилдің террористерге дем беріп отырғанын әлем қауымдастығы айыптаған емес. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу